Қазақ халқының ұлы ойшылы әрі ақын Абайдың 175 жылдығына орай Абай ауданының Қарауыл ауылында Назарбаев интеллектуалдық мектебінің стандарттары бойынша жабдықталған 300 орындық заманауи мектеп ашылады. Сонымен қатар Өскемендегі Ахмер ауылында 1000 орындық жаңа мектеп ел игілігіне беріледі.
Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 600 орындық пен 300 орындық интернаты бар мектеп ашылады. Онда аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан және облыстағы қалалардан келген балалар оқитын болады. Бұл мектеп әскери бағытта тәлім-тәрбие береді. Егер нәтижесі оң болса, облыстағы басқа білім ошақтарында да осы әдіс қолданылмақ.