Аймақ бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Семей және Өскемен қалаларында тіркелген. Семейде 52 науқас инфекциялық бөлімнен жазылып шықса, Өскеменде - 44 науқас.
Жалпы көрсеткіш бойынша аймақта 3340 науқастың 2280-і жазылып шыққан. Сондай-ақ, 2888 симптомсыз науқастар арасынан 1871 үй карантинінен шықты.
Сoronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, 30 шілдедегі емделгендер саны бойынша Атырау облысы бірінші орында тұр, екінші орында - ШҚО, үшінші орында - Батыс Қазақстан облысы.