USD514.65EUR544.6RUB5.17

Тарбағатайда 60 үйдің құрылысы басталды.

06 тамыз 2020, 14:17
Тарбағатай ауданы бойынша жеке кәсіпкерлердің қаражаттары есебінен Ақсуат, Ақжар ауылдарындағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған 2 пәтерлі 28 үй мен 1 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Тұрғын үйлердің эскизді сызбалары бекітіліп, жеке кәсіпкерлермен екі жақты меморандумға қол қойылып келісілді.
Тарбағатайда 60 үйдің құрылысы басталды.

            Атап айтқанда, Ақсуат ауылынан жеке кәсіпкерлер Дархан Шотабаев Дархан 2 пәтерлі 5 тұрғын үй салуды қолға алса, Әсет Муфтиев 2 пәтерлі 5 тұрғын үйді жыл соңына дейін беруге бел байлап отыр. Осы өңірдің тумасы, белгілі меценат Дулат Тастекеев 2 пәтерлі 5 тұрғын үй тарту етпек. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5490 шаршы метр.

            Ал, Ақжар ауылынан Қайрат Қожахметов 2 пәтерлі 13 тұрғын үй, 1 пәтерлі 5 тұрғын үй салатын болады. Қазіргі уақытта 1 пәтерлі 5 тұрғын үйдің қабырғасы қаланып, шатыры жабылып аяқталды.

         Тарбағатай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы С.Сабырбаевтың айтуынша,    тұрғын үйлерді сатып алуға қажетті қаражат 768 000,0 мың. теңгені құрайды. Баспана құрылыстарын биылғы қыркүйектің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar