
Бұл туралы аудан әкімі Қалиқан Байғонысов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
- Ауылдық жерлердегі ұсақ елді мекендердің көпшілігінде лайықты көше жарықтандырулары жоқ. Жергілікті тұрғындарға ол өте көп қолайсыздық тудырады, әсіресе, қыс кезінде, - дейді әкім.
Айтуынша, Малеевка ауылдық округінің ауылдарындағы көшелерді жарықтандыруға үлкен көңіл бөлініп отыр. Путинцево ауылының екі көшесіндегі жарықтандыруды энергия үнемдеуіш жабдықтарға ауыстыру жүргізілген. Ал Малеевск ауылында көше жарықтандырудың 3 желісі жөнделіп, шамдар ауыстырылды. Алдағы уақытта осы ауылдағы балалар алаңы да жарықтандырылып, бейне бақылау камералары орнатылады.