![ШҚО-да мобильді топтар 80 мыңға жуық шақыртуға барған.](https://cdn1.radikalno.ru/uploads/2020/7/30/ce13f282edb5d047da4f7c74ea274e03-full.jpg)
Еске сала кетсек, карантин уақытында халыққа қызмет көрсетуге медициналық қызметкерлерден тұратын мобильді топтар жасақталған еді. Өскемен қаласының өзінде 41, Семейде 71 және аудан-қалаларда 200-ден астам топ жедел жәрдемнің жұмысын жеңілдетіп, үй жағдайындағы науқастардың денсаулығын бақылауда ұстауда.
Мобильді топ қызметкерлері шақырту бойынша барып, дене қызуын, қандағы оттегі мөлшерін өлшеп қана қоймай, науқасқа емханадан дәрігердің нұсқаулығымен берілген дәрі-дәрмекті де жеткізіп бере алады.
Аталмыш топ жұмысын бастағанда жергілікті аудан және қала әкімдіктерінен де қолдау тауып, қызметтік көліктерге ие болған.