USD449.3EUR489.69RUB4.89

Qurban2020.kz сайты арқылы тапсырысты қалай беруге болады?

30 шілде 2020, 10:22
ШҚО-ның Өскемен өңірі бойынша бас имамы Qurban2020.kz сайты арқылы тапсырысты қалай беруге болатыны туралы түсіндіріп берді.
Qurban2020.kz сайты арқылы тапсырысты қалай беруге болады?

ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша бас имамы, «Халифа Алтай» облыстық мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұхатай өңір тұрғындарын Құрбан айт мерекесі кезінде үйде отырып, карантин режимін сақтауға шақырды.

- Құрбандыққа шалынатын малды сатып алу үшін Qurban2020.kz сайтына кіру қажет. Бұдан соң тапсырыс беруші малды таңдау бөліміне кіріп ұсақ немесе ірі қара малды (қой – 50 мың, ешкі – 35 мың, ірі қара -350 мың) сатып алады. Тапсырыс беруші малды таңдап алған соң аты-жөні мен байланыс нөмірін жазып, қалдырады. Кейін сайтта көрсетілген банк реквизиттері бойынша ақшаны аударады. Одан соң тапсырыс берген аймағына байланысты жауапты сала мамандары хабарласып, ол адамның нақты өтінім бергенін сұрайды. Сонымен қатар сайтқа әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар да кіріп, өтініш жазып, тиісті құжаттарды жолдайды. Кейін оларға жауапты сала мамандары хабарласып, міндетті түрде көмек беріледі, - деді Ермек қажы Мұхатай.

Айта кетейік, егер құрбандық мәселесіне байланысты сауал туындаса, Өскемен өңірі бойынша 8776 711 11 35 колл орталығына хабарласуға болады. Ал Семей өңірі бойынша 8775 644 48 93 колл орталығына немесе 8775 394 7596 ватсап нөміріне жазуға болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar