
Бұл лауазымға Қазақстан халқы Ассамблеясының ШҚО хатшылығының меңгерушісі қызметінде болған Жанна Асқарова тағайындалып отыр.
Жанна Асқарова 1971 жылы 20 қазанда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1995 жылы ШҚМу-ды «химия пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдап, 2001 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
Еңбек өтілі - 30 жыл. 14 жыл бойы Алтай ауданындағы мектептерде ұстаз болып қызмет етіп, 2009 жылы аудандық ішкі саясат бөліміне басшы болып тағайындалды. 2017-2019 жылдар аралығында Алтай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.