USD474.83EUR515.38RUB5.5

Аягөздегі Шыңқожа батырдың ескерткіші абаттандырылады.

27 шілде 2020, 09:29
Аягөз ауданына қарасты Нарын ауылдық округіндегі Шыңқожа батырдың ескерткіші абаттандырылады. Бұл туралы аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Аягөздегі Шыңқожа батырдың ескерткіші абаттандырылады.

-  Шыңқожа батыр ескерткішінің абаттандырылу жұмыстарымен таныстым. Алдыңғы жұмыс сапарымда ескерткіш маңында мал жайылып жүруіне байланысты абаттандыруға аудандық бюджеттен қаражат бөлінген болатын, ауыл әкіміне ескерткішті қоршау, абаттандыру бойынша тапсырма берілген, сол жұмыстар іске асырылыпты. Батырдың ескерткіші қоршалып, жарық тартылып, тал отырғызу жұмыстары іске асырылмақ. Алдағы ауқытта демеушілер арқылы кіре берісі кеңейтіліп, келушілерге арналған авто тұрақ жасалатын болады, - дейді аудан басшысы.

Ауылдық округтің өзекті мәселесі - ауыз суды әр үйге жеткізу болатын. Өткен жылы ауыз су құбыры 51 үйге тартылса, биылғы жылы оның саны 165-ке жетті. Сонымен қатар, көшелердің қараңғы мезгілде жарықтандыру мәселесі де шешімін табуда. Одан бөлек мұнда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында құрама футбол, баскетбол және волейбол алаңы жөнделіп, қайта пайдалануға беріледі.

Алдағы уақытта ауыл көшелеріне демеушілер есебінен қыйыршық тас төселінбек. Келер жылы 3 көшеге асфальт төсеу жоспарланған.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar