
Рейд барысында қос қаладағы дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің бар және қол жетімді екені анықталды. Тек бірнеше дәріханаларда парацетамол мен аспирин тапшы екені байқалды. Бірақ оның орнына «терафлю» және басқа да ыстықты түсіретін препараттар жеткілікті. Бір адамға 3-5 дәріден беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, дәрі-дәрмек тапшылығына жол бермеу мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі 3 шілдеде ірі дәріханалармен ыстықты түсіретін препараттарды рецептсіз жіберуді шектеу жөнінде меморандумға қол қойды. Ал Семей қаласы мен өзге аудандарда меморандум жасасу мәселесі пысықталуда.
Рейдтер барысында дәріхана иелеріне дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруге жол берілмейтіндігі ескертілді. Алдағы уақытта мұндай рейдтер тұрақты түрде жүргізілетінін айта кетейік.