USD524.65EUR552.19RUB5.14

Аягөздіктер "індет тоқтасын" деген ниетпен құрбандық шалды

07 шілде 2020, 11:31
Шараны ұйымдастырған азаматтар халық арасында тараған індеттің бетін қайтару үшін амал қылып жатқандарын айтады. Өйткені, Құдайдан тілек тілеп, қан шығарып, құрбан шалу –қиындықтан құтқарады деген түсінік бұрыннан бар.
Аягөздіктер

«Садақа бәле-жаланы қайтарады» деген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Аягөз қалалық мешітінде құрбандыққа қой шалынып, барша жұртты алаңдатқан дерттің елімізден алыс болуын тілеп, дұға жасалынды, - деп хабарлайды Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

Құрбанға шалынған мал еті мұқтаж отбасыларға таратылып берілген.

«Ел арасында қазанға қара су қайнатып отырған, жағдайы өте нашар адамдар көп екен. Балалы-шағалы отбасыларға, жалғызбасты әйелдер мен қарияларға тараттық. Ел басына күн туған сәтте, шынын айтсақ, іштей қатты қиналып кеттік. Шыдай алмай, бұрынғы салтымызды жасап көрейік деп шештік, - деді қала тұрғындары.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar