Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру келесі дәлелді себептер кезінде жүргізіледі:
1) атының, әкесінің атының, тегінің қолайсыз болуы;
2) атының, әкесінің атының, тегінің айтылу қиындығы;
3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тектерде қалса, жұбайының жұбайымен ортақ тегін алғысы келуі;
4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейінгі тегін алғысы келуі);
5) алдыңғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) балалармен ортақ тегін алғысы келуі);
6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
7) жұбайы қайтыс болған жағдайда және егер өтініш беруші некеге дейінгі тегінде болса, балалармен ортақ тегін алғысы келуі;
8) өтініш беруші таңдаған ата-анасының біреуінің ұлтына сәйкес келетін (ата-аналарының әртүрлі ұлты кезінде) атын және (немесе) тегін алғысы келуі);
9) құжаттарда атынан өзгеше өмірде іс жүзінде қалыптасқан атын алғысы келуі;
10) егер некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) кезінде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
11) ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының аты бойынша тегін алғысы келуі;
12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі және аты бойынша тегін және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі;
13) жынысын хирургиялық өзгерту кезінде таңдалған жынысқа сәйкес келетін атын, әкесінің атын, тегін алғысы келуі тиіс.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарауды тіркеуші орган Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш өтініш берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға беріледі.Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылған жағдайда мемлекеттік тіркеу өтініш берілген жер бойынша жүргізіледі.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішке өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді өтінуіне байланысты себептерді растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш берушінің туу туралы куәлігі;
2) Егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік);
3) Егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігі;
4) егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, бала асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік;
5) Егер өтініш беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік);
6) өтініш берушінің екі фотосуреті.
Қажет болған жағдайда өтініш беруші атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді өтінген себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етіледі.
Бас тарту. Тіркеуші органның атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты бұл туралы акт жазбасының негізінде өзгерістер өзіне қатысты жасалған адамның туу туралы акт жазбасына ғана енгізіледі. Басқа жазбаларға өзгерістер енгізілмейді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды растау үшін белгіленген үлгідегі атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік ұсынылады.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін азаматқа атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік беріледі.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік мемлекеттік тіркеу орны бойынша өзіне қатысты ауыстыру жүргізілген адамға ғана беріледі.
«Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі» ММ басшының орынбасары Д. Шәйжүнісова