Қазір тақ сандармен белгіленген үйлердің қатарында көшет отырғызуға арналған шұңқырлар дайындалып жатыр. Шұңқырлардың ара қашықтығы - 1,5 метр, үйлерден 3 метр жерде орналасқан.
- Мұнда пирамида секілді теректер отырғызылады. Оларға осындай аумақ жеткілікті. Бұлардың тамыр жүйесі фундамент пен жолды зақымдамайды, ал бұтақтары жоғары қарай тік болып өседі. 10-15 жылдай олар ешқандай кедергі келтірмейді. Барлығы - мамық шығармайтын аталық теректер. Бұл – теректердің 300 түрінің ішінде ең жақсы сұрпы, - дейді «Зеленстрой Кz» ЖШС директоры Владимир Езенок.
Биіктігі 5-6 метр болатын көшеттер қаланың Сол жақ жағалауында орналасқан Білім және ғылым министрлігінің тәлімбағында өсірілген. «Зеленстрой» ЖШС отырғызылған ағаштарға ары қарай күтім жасау бойынша міндетті өзіне алып отыр.