USD514.65EUR544.6RUB5.17

ШҚО-да «коронавируспен ауырмаған аудан» қалмады.

25 маусым 2020, 14:36
Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
ШҚО-да «коронавируспен ауырмаған аудан» қалмады.

- Инфекция бүкіл аймақта таралуда және қазір коронавирустық инфекция тіркелмеген аудан қалған жоқ. Ауру халықтың барлық топтары арасында тіркелген, бірақ негізінен жұмысқа үнемі баратындар арасында (43%) көрсеткіш көп. 507 жағдайы 30-ы сырттан келсе, 477-сі ел ішінде ауырған адамдар саны, - дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Сонымен қатар басқарма басшысы жағдай оңалмаса, басқа ауруханалардың есебінен инфекциялық ауруханалардағы төсек орындарын көбейту қажеттігін айтып отыр.

- Медицина қызметкерлеріне жүктеме артып келеді. Егер жағдайы тұрақталмаса, біз басқа ауруханалардың есебінен төсек орын санын көбейтуіміз керек. Негізгі санитарлық талаптарды пысқырмау, теріске шығару - аурудың одан әрі таралуына себеп болады. Біз тек бірге індеттің таралуын тоқтата аламыз. Ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер, сақ болыңыздар және қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. Call-орталықтың телефондары: 701-131 және 1406, - дейді Ілияс Мұхамеджан.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar