
Жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының аясында жүргізілуде.
Бұл туралы аудан әкімі Қалиқан Байғонысов Instagram парақшасында жазды.
- Қазіргі таңда алғашқы әрлеу жұмыстары аяқталды. Ғимараттың шатырында ауа бөлгіштерді шығару үшін саңылаулар жасалып, сырлау жұмыстарына қолға алынды. Мердігер мекеме - «Central Asia Industrial Company» ЖШС, - дейді аудан әкімі.
Демек, жаңартылған ғимаратта жас спортшылардың жаттығуына қолайлы жағдай жасалып жатыр.