– Біз жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Глинки көшесінен Промышленная көшесіне дейінгі жолында жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Жұмыс барысында ағаштар кесіліп жатыр. Бұл жөндеу жұмыстарға 155 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жолды кеңейту жоспарланған. ТКШ бөлімі ағаштарды кесуге рұқсат берді, алайда мердігер «Гордорстрой» ЖШС 170 кесілген ағаштың орнына 1700 ағаш отырғызу тиіс – деді Серікқали Жұманов.
Қазіргі уақытта ағаш кесу жұмыстары рұқсат алынғанға дейін уақытша тоқтатылды. 1700 ағаш қаланың қай жерінде отырғызылатыны әлі белгісіз.
Семей қаласының ақпараттық орталығы