USD484.37EUR531.06RUB5.05

Семейге «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байғұлов жұмыс сапарымен келді

24 маусым 2020, 07:32
Сапар барысында ол бірқатар нысандарды аралап, Семей қаласы әкімдігінің қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Ақпараттық орталықтың жұмысы халыққа қызмет көрсету орталықтарының, яғни «бір терезе» қағидатына негізделген.
Семейге «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байғұлов жұмыс сапарымен келді

Қала әкімі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ әкімдіктің дербес салалық бөлімдерінің қызметкерлері азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, әр азамат әкімдіктің салалық бөлімдерінің мамандарына қызықтыратын сұрақтар қойып, кез келген мәселелер бойынша кеңестер ала алады. Сервистік орталықты қарап шыққан Төлеген Байғұлов оның жұмысын жоғары бағалады. Республикалық жобалық кеңсе басшысы сонымен қатар «Семей – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы және мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесу өткізді.

Кеңес барысында Қарағайлы шағын ауданының тұрғындарының проблемалық мәселелер, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері қаралды. Жиналыстың қорытындысы бойынша қалада «Адалдық алаңы» бекетін ашу туралы шешім қабылданды.

- Қарағайлы ықшамауданының тұрғындары инфрақұрылымға қатысты шағымданған. Біз полиция бөліміне бұл мәселені бақылауға алуды тапсырдық. Сондай-ақ, бүгінгі отырыста қалада «Адалдық алаңы» бекетін ашу туралы шешім қабылданды, онда тұрғындар проблемалық мәселелерді шешуге өтініш бере алады, - деп қорытындылады Төлеген Байғұлов.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar