Біз пункт ашу жөнінде қала басшылығына өтінішпен жүгінген едік және осы мәселе бойынша олардың тарапынан қолдау таптық. Учаскелік полициия пункті тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан және техникалық жабдығы барлық заманауи талаптарға сәйкес.
Бұл полиция қызметкерлерінің жұмысына қолайлы жағдайды толық қамтамасыз етеді. Барлық үй-жайлар көмекке мұқтаж адамдарды қабылдау үшін бүкіл қажетті жабыдықтармен қамтылған. Ендігі біздің негізгі міндетіміз - ықшамауданда қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау.
Бұрын учаскелік полиция инспекторының қабылдауы үшін қалалық полиция бөліміне барып жүрген адамдарға енді қолайлы, учаскелік полициия пункті жақын жерде орналасқан, әрбір учаскелік полиция инспекторының негізгі міндеті – халыққа жақын болу және азаматтарға уақытында жәрдем беру. Бұл үй-жайдың ауданы 100 шаршы метр. Мұнда полиция қызметкерлерінде заманауи байланыс құралдары, кеңселік техника және компьютерлер бар.
— Аталған учаскелік полиция пункті Қарағайлы ықшамауданына қызмет көрсетеді, оған әрбір үйдің кіреберісінде орналасқан бейнекамералар учаскелік полиция пунктіне қосылған, саны 18 дана. Пункт ҚР ІІМ –нің бұйрықтары мен барлық талап етілген стандарттарға сәйкес келеді. Онда төрт учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейтін болады. Орташа алғанда, Қарағайлы учаскелік полиция пункті 24000 адамға қызмет көрсетеді. Семей қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Мақсат Зекенов – «Бұл учаскелік полициия пункті ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби мейрамына сыйлық болды» - деп атап өтті.