"Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды ынталандыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетігі болып табылады. Бұл мәселеге көп көңіл бөлеміз. Нәтижесінде мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері туралы азаматтарды көтермелеу жүйесі құрылды. Азаматтарды көтермелеудің жаңа сараланған жүйесі енгізілді. Бұрын бұл қылмыс санатына байланысты жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта егер пара сомасы 1 мың АЕК-тен жоғары болса бұл туралы хабарлаған адам пара немесе залал сомасына байланысты осы соманың 10% - на ие болады, яғни егер сыбайлас жемқорлық қылмысы 5 млн теңгеге бағаланса, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұлға 500 мың теңге алады", - деп түсіндірді Ж. Байділдин.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Сall-орталыққа 1424 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.