
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бері Әділет министрлігі «Қорғаушылардың заңгерлік көмек көрсетуі» атты бірыңғай әкімшілік бюджет бағдарламасын қолға алған болатын.
- Жоспарға сәйкес 2020 жылы тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында республикалық бюджеттен 147 млн 421 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жыл басынан бері 2676 азаматқа тегін заңгерлік кеңес берілді, - деді Айдын Амирханов.
Брифинг барысында департамент басшысының орынбасары елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде тұрғындарға WhatsApp, Telegram, Instagram, Facebook желілері арқылы ақысыз қызмет көрсетілгенін атап өтті. Сондай-ақ осы уақыт аралығында 28 сот ісі өткізіліп, 11 бейне ролик пен тікелей эфирлер жүргізілгенін айта кеткен орынды.