Жуықта топ мүшелері ауылдағы жастарға қолдау көрсету мақсатында көкпаршыларға арнайы форма тіктіріп берді.
Сондай-ақ, «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұранмен ауыл жастары жиналып, экспедиция құрып отыр. Олар жайлау басына барып, Тарғын өзенінің бастамасында тұрған бастаулардың көзін ашуда.
Әр бастау басына номерленген арнайы белгі қойылған. Жыл көлемінде бастаулардың күтіміне де өз мойындарына алмақшы.