USD488.11EUR530.09RUB5.01

«ANTIKOR.LIVE»: «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

16 маусым 2020, 09:40
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин "ANTIKOR.LIVE" жобасы аясында өткен тікелей эфирде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінде "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының жүзеге асырылуы туралы айтып берді.
«ANTIKOR.LIVE»: «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

Тікелей эфир барысында, Жігер Байділдин Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын Агенттік дәйекті түрде іске асырып жатқанын түсіндірді. 2019 жылы Агенттік төрағасы азаматтарды қабылдауды ай сайынғы мерзімділігінен апта сайынға өзгертті. Аумақтық департамент басшылары, оның ішінде ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы азаматтарды күн сайын қабылдайды. Алыс елді мекендердің тұрғындары бейнеконференцбайланыс арқылы қабылданады.

Сондай-ақ, азаматтардың сұрауларына дер кезінде ден қою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізілуде. «Ашық диалог» порталында тұрақты негізде интернет-конференциялар өткізіледі. Әрбір өтініш мұқият қаралады және жедел түрде жан-жақты шаралар қабылданады.

"Халықпен кері байланысты қалыптастыру, жүгінген адамдарға кедергісіз қызмет көрсету мақсатында "Antikor ortalyģy" фронт-кеңсесі - ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сервистік орталығы ашылды. Сервистік орталықта азаматтарды жедел және кедергісіз қабылдау және кеңес беру, баспасөз конференцияларын өткізу үшін жағдай жасалған. Кез-келген азамата аталған орталыққа келіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды талқылауға қатыса алады", - деп атап өтті Жігер Байділдин.

Сондай-ақ, халықпен өзара іс-қимыл жасаудың тиімді құралдарының бірі Агенттіктің Сall орталығы 1424 болып табылады, ол тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істейді. 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда Агенттік Call орталығы арқылы келіп түскен өтініштердің саны 3 есеге (353-тен 988-ге дейін) және сотқа дейінгі тергеулердің саны 2 есеге (32-ден 66-ға дейін) өсті, бұл азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенімінің артқанын көрсетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar