Оқу жиыны санитарлық эпидемиялық алдын алу шараларын сақтау негізінде 14 шілдеге дейін қашықтықтан оқыту әдісі арқылы орындалады. Еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты практикалық оқу атыстарын орындау, ұрыс машиналарын жүргізу сабақтары қыркүйек айына ауыстырылды.
Әскери кафедраның негізгі мақсаты қажетті білімі бар, жауынгерлік міндеттерді орындайтын, ұрыстағы белгілі бір мінез-құлыққа икемділігі бар, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу барысында тактикалық жағдайды бағалай алатын мамандарды даярлау. Бұл қасиеттер студенттердің жоғары оқу орнының әскери кафедраларында және әскери бөлімдердегі оқу жиындарында оқу процесінде алған білімдері мен практикалық дағдылары негізінде қалыптасады. Дәрістік сабақтарда алынған білім міндетті түрде практикалық іс-қимылдармен бекітілуі тиіс, бұл студенттерге әскери бөлімдегі бөлімшелерді басқару үшін өте қажет.
«Бұл жиындар студенттердің әскери даярлығының қорытынды кезеңі болып табылады. Олар теориялық сабақтар барысында алған білімдерін тәжірибеде жүзеге асырады. Бұл Қарулы Күштер үшін оқытылған жұмылдыру ресурсын дайындау тұрғысынан маңызды болып табылады. Әскери кафедра осы тапсырманы сәтті орындап жатқанын атап өту қажет», - деді ҚазИГЗУ әскери кафедрасының бастығы подполковник Мұрат Егенбердиев.
Айта кетсек, әскери кафедра ашылған сәттен бастап 1059 студент білім алып шыққан. Ал биылғы жылы аталған оқу орнының әскери кафедрасын 184 студент тәмамдамақ.