USD474.83EUR515.38RUB5.5

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер

09 маусым 2020, 09:51
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу деген не, оларды кім сақтауы тиіс және олар не үшін қажет? Бұл сұрақтарға ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байдилдин "ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында өткен тікелей эфир барысында түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер

Сонымен, Жігер Байділдин ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер - сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер екенін түсіндірді.

Осы Заңның 12-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметке түсуге кандидат болып табылатын адамдардың, өз өкілеттіктерін жеке мүддесінде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу мақсатында қолданылады. Аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге сәйкес мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асырмауға тиіс, жақын туыстарымен жұмыс істеуге және қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйлықтар қабылдауға рұқсат берілмейді, сондай-ақ жеке пайда табу мақсатында ресми таратуға жатпайтын қызметтік ақпаратты пайдалануға құқығы жоқ.

"Мемлекеттік қызметшілердің немесе мемлекеттік қызметке кандидат болып табылатын тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан босатуға әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады" - деп түсіндірді Жігер Байділдин.

Тікелей эфирді аяқтай отырып, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары облыс тұрғындарын мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамауы фактілерімен кездескен жағдайда  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call орталағына жүгінуге шақырды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar