USD484.37EUR531.06RUB5.05

Жеті санаты коммуналдық төлемдер

30 сәуір 2020, 10:33
Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев онлайн -брифингте 7 санаттағы азаматтар коммуналдық қызмет үшін өтемақы алатындығы жайында мәлімдеген.
Жеті санаты коммуналдық төлемдер

Яғни, бұл өтемақыны  1, 2, 3 топ мүгедектері; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;  көпбалалы отбасылар; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, тыл ардагерлері; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары; төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер алады.

Жалпы саны 32 мыңнан астам адам әлеуметтік көмекті алуға мүдделі.

- Азаматтар уақытылы төлем алады, өтініш беру процесі, тіркеу және өтінішті қарау мерзімдері жеңілдетілді. Егер бұрын өтінімді қарау үшін бір апта қажет болса, қазір оған үш күн қажет. Аудару шоттары жоқ азаматтар үшін қиындықтар болды. Әкімдік күн сайын және демалыссыз банктер мен «Қазпошта» филиалдарының жұмысын ұйымдастырды. Олар шоттарды тез ашуға мүмкіндік берді. Жұмыс жалғасуда, - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы М. Құржықаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar