USD448.15EUR483.46RUB4.86

Полигоннан зардап шеккендердің төлемақысы 10 есе артуы мүмкін

30 сәуір 2020, 10:27
Семей полигонынан зардап шеккендерге арналған ай сайынғы төлемақы (компенсация) 10 есе артуы мүмкін. Бұл мәселе Үкіметте қаралып жатыр.
Полигоннан зардап шеккендердің төлемақысы 10 есе артуы мүмкін

Қазіргі жағдайда семейліктер әлеуметтік көмекті бір және екі айлық есептік көрсеткіш (2 778 – 5 556 теңге) мөлшерінде алады. Сонымен қатар 10 күн ақылы еңбек демалысы бар.

Премьер-министр Асқар Маминның айтуынша, Ресейдің тәжірибесіне сүйеніп, көрсетілетін әлеуметтік, медициналық қызметтер мен төлемақының көлемін адамдардың шеккен зардабына қарай тағайындау көзделіп отыр.

• 5 – 25 сантизиверт – 5 АЕК (13 890 теңге);

• 25 – 50 сантизиверт – 6 АЕК (16 668 теңге);

• 50 – 75 сантизиверт – 7 АЕК (19 446 теңге);

• 75 – 100 сантизиверт – 8,5 АЕК (23 613 теңге);

• 100 сантизиверт және одан жоғары – 10 АЕК (27 780 теңге).

Мәліметке сенсек, алдағы уақытта елде мұндай әлеуметтік төлемді 1,4 миллионнан астам адам алады деп жоспарланып отыр. Оларға арналған төлемақы мен басқа да қажеттіліктерге бір жылда, шамамен, 114,2 миллиард теңге (265 миллион доллар) жұмсалады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar