
«Жедел-іздеу шараларының барысында қылмысқа күдікті танылған 34 жастағы ауыл тұрғыны анықталды. Қаскүнем электрмен жарықтандыру бағаналарынан «СИП» маркалы қуатты кабель мен қалқандық құралды ұрлап әкеткен», - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметінен.
Күдікті ұрланған мүлікті түсті металл қабылдау орнына тапсырмақ болған. Алайда тәртіп сақшыларының шұғыл іс-қимылдарының арқасында күдікті азамат анықталып, ұрланған мүлік табылды. ҚР ҚК 88-бабының 1-бөлімімен («Ұрлық») сот алдындағы тергеу амалдары басталды.