Оны алу үшін онлайн түрде өтініш жазу керек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев мәлім етті.
- Әлеуметтік төлем тағайындау жүйесі оңтайландырылды. Осыдан бастап жұмыс беруші табысынан айырылған жұмысшылардың тізімін ғана өткізеді. Ал жеке кәсіпкерлер мен қосалқы шаруашылық иелері өтініш пен жеке бас деректерін беруі керек. Сондай-ақ әрбір жұмысшы басшысын тосып, уақыт жоғалтпай өздері де өтініш жаза алады. Айта кететін бір жайт, өтініш берушілер ұсынған ақпараттың растығы үшін жауапкершілік арқалайды. Өтініш электронды үкімет порталы арқылы электронды түрде берілуі керек, - деді Жасұлан Сәрсебаев.