USD447.4EUR477.55RUB4.76

Қалалық мектептер онлайн режимінде оқуға көшуге дайындалып жатыр

31 наурыз 2020, 08:51
Биылғы жылы әлемде коронавирустың таралуына байланысты қазақстандық оқушылар көктемгі демалысқа мерзімінен бұрын шықты. Балалардың демалысы 16 наурызда басталып, 5 сәуірде аяқталады.
Қалалық мектептер онлайн режимінде оқуға көшуге дайындалып жатыр

Енді демалыс аяқталуға жақын, алайда эпидемиологиялық жағдай өзгерген жоқ. Сондықтан да қала мектептері онлайн-оқытуға көшуге дайындалып жатыр. 

- 46 мың бала онлайн-оқыту форматына көшуге дайындалуда. Сонымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналар да дайындалып жатыр. Ата-аналар жиналыстары үнемі өткізіліп тұрады, ғаламтор мәселелері шешіліп жатыр. Барлық үйде компьютерлік техника бар ма, ғаламтор қосылып тұр ма, сондай сұрақтар қарастырылуда. Мұғалімдер оқу материалдарын дайындап жүр. Егер де баланың ғаламторда оқуға мүмкіндігі болмаса, сабақтар ол үшін әлі де қашықтықта өтеді. Онда қағаз тасымалдағыштармен жұмыс жасалады. Немесе, егер біреудің компьютері болса, бірақ ғаламторы қосылмаған болса, онда ақпарат флэшка арқылы беріледі, - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Қазіргі уақытта мектептер қашықтықтан оқытуға көшу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтарды дайындалуда. Сабақ кестелері де құрастырылып жатыр.

- Егер отбасында, мысалы, екі бала болса, бұл да мәселе емес. Балаларға тапсырмалар беріледі, ал егер олар белгілі бір уақытта ғаламторға қол жеткізе алмаса, ол екінші бала өз тапсырмаларын аяқтағаннан кейін, өз сабағын орындай алады. Бұл сабақ кестесін дайындау кезеңінде де ескертіледі, - деп толықтырды Наталия Фесенко.

Жалпы, білім бөлімінің мәліметінше, қала мектептері онлайн білім беруге көшуге дайын. Әрине, бірнеше нюанстар болуы мүмкін, өйткені қашықтықтан оқыту мектептері үшін жаңа нәрсе болып табылып отыр. Дегенмен, туындаған барлық мәселелер тез арада шешілетін болады деп күтуліде.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar