«Техникалық университеттің лабороториясында зарарсыздандыратын құралдың алғашқы партиясы – 1 мың литрі дайындалды. Ол қатаң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рецепті бойынша әзірленді. Басты міндет – халықты қорғап, коронавирустың таралу қаупін азайту», - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен.
ШҚМТУ дезинфекциялық заттарды ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларына, сонымен қатар қажет еткен халыққа тегін таратпақ. Лаборотория COVID-19 індетімен күрес жөніндегі облыстық штабпен серіктесе жұмыс жүргізеді. Ресми түрде рұқсат алғаннан кейін ЖОО толыққанды өндірісті де іске қосқалы отыр.