Семейде бетперде тігумен «УК Юнис» және «СемСпецСнаб» ЖШС айналысады. Екі апта бұрын мұнда төрт қабатты дәкеден жасалған бетперделерінің өндірісі басталған. Енді олар мақта матадан да тігіле бастады.
- Бүгін біз жаңа матаны алдық. Бірінші бөлігі 30 000 метр. Ертең қосымша жеткізу болады. Бұл көлем 1 000 000 бетперде тігу үшін жетеді. Бұған дейін біз дәкеден төрт қабатты бетперделерді жасап жүрдік, ал енді екі қабатты бетперделер мақта матадан тігіліп жатыр. Бұл материалдан олар әлдеқайда оңай тігіледі, - деп «СемСпецСнаб» ЖШС директоры Айнұр Ахметова айтып берді.
Жақында бетперделер белгіленген бағамен сатылымға түседі. ШҚО-ның 470 000 тұрғыны олармен тегін қамтамасыз етіледі. Олар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, барлық топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетім балалар мен зейнеткерлер.
Семей қаласының ақпараттық орталығы