USD449.3EUR489.69RUB4.89

Түрмедегі сотталғандар «Наурыз мейрамы» қарсаңында Аналарына хат жазды

23 наурыз 2020, 10:24
Халықаралық «Наурыз мейрамы» қарсаңында ШҚО ҚАЖ Департаментіне қарасты ОВ 156/2 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында «Анама хат» атты хаттар байқауы өтті.
Түрмедегі сотталғандар «Наурыз мейрамы» қарсаңында Аналарына хат жазды

Темір тордың арғы жағындағы азаматтардың хатын оқып отырып, қаншалықты ауыр қылмыс жасаса да, олардың жүрегіндегі мейірім мен болашаққа деген үміт сәулесінің сөнбегендігі байқалады. Аталған шараға 34 жазасын өтеуші азаматтың хаты қатыстырылып, әділ қазылардың оң бағасын алды. Жазасын өтеуші азаматтар арасында өмірде жаңсақ басып опық жеген, өткеніне өкінетіндер аз емес. Аталмыш шара осындай жандардың ішкі сырларын ақ қағаз арқылы ең жақын адамдарына жеткізуге талпынған әрекеттерінің жемісі десе болады.

Әрбір хатта, қиын кездерде қолдау көрсетіп, артынан іздеп, жанынан табылғаны үшін ата-анасына, туысқандарына ризашылықтарын білдірген.

Мына хатты оқысаң еріксіз көзіңе жас келеді. «Анашым кешірші мені, кешірші.... Осы сөзді өзіме мың рет айтқан шығармын. Бірақ амал қанша.... Мені тепсе темір үзетін азамат қылып өсірдің, тапқан-таянғаныңда маған бердің. Бала кезімде басынан сипап, құлыным менің, Сені маған құдай берді деуші едің ғой Анашым... Осылай еркелетіп Мені алақанында аялап көрген кім бар дейсіз, Сізден басқа ешкім еркелеткен емес. Әр бір туған күнімде силық беріп, Мен қуансам, соны көріп Сізде балаша қуанып, әйтеуір менің көңілімді табуға тырысатынсыз. Әлгі сары Үлкен камаз есіңізде ме, менің 3 пе, 4 - ке толғанда сыйлап едіңіз ғой. Сол кезде менің арманым Камаз жүргізушісі болу еді. Ал қазір темір торға қамалып, өткен күнге өкініп отырған жайым бар. Бірақ Анашым мен бұл жерден шығамын, алдыға қойған мақсатым мен арманым көп. Айтпақшы, мен бұл мекемеде жұмысқа орналастым. Енді Сізге ақша жіберіп отырамын Анашым. Тек аман жүрші, мына короновирус дейтін аурудан аулақ болғай. Мен сен үшін жүрегімді жұлып беруге дайынмын анашым. Осының бәрін қағазға жазбасам, сөзбен жеткізе алмаймын. Менің ұялшақтығымды өзіңіз білесіз », – деп жазады сотталған Е.

Келесі бір хаттта сотталған Д «Мүмкін ана махаббаты шығар бұл, мені сүйеп келе жатқан құлатпай. Өмірде көп сүріндім көп қателестім, бәрі менен теріс айналған сәттерде сондада менен күдерін үзбей артымнан іздеп қасымнан табылған жан ол менің анам. Анашым сіз менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз. Сүрінсем жұбатып жігерлендіре түсесіз. Мен сізді қатты жақсы көремін. Шындығында, сізсіз Анашым менің өмірім бос, мен сізді қатты сағындым! Түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп өсірген анамның

алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп айтуға аузым бармайды. Анашым кешірді ме екен баласын? Қайдан, бұл ауыр сұрақ...

Аялаңдар, құрметтеңдер ананы! »,- деп жазады.

Сотталған азаматтар үшін жақындарының қолдауы олардың болашаққа деген сенімдерінің артуына түзелу жолына түсуіне, бостандыққа деген үміттерінің оянуына ықпал етеді.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar