USD491.7EUR531.28RUB5.07

Семейде тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау бойынша жұмыс жалғасуда

23 наурыз 2020, 10:06
Жақында қалалық мәслихаттың хатшылығының өкімімен тарихи ескерткіштерді айқындау жөніндегі уақытша комиссия құрылған. Комиссия жұмысының қорытындысы туралы бүгінгі қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында айтылды.
Семейде тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау бойынша жұмыс жалғасуда

Уақытша комиссия екі бағытта жұмыс істеді: жаңа тарихи ескерткіштерді анықтау және бар мәдениет ескерткіштерін зерттеу. Комиссия басқармасы үш топқа бөлініп жұмыс істеді. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау бойынша бірқатар ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің штаттық кестесіне тарихи және мәдени ескерткіштерді зерттеу бағытында жұмыс істейтін маман енгізуді ұсынылған.

 -Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің штаттық кестесіне тоқсан сайын бар тарихи-мәдени мұралар мен жаңа анықталған объектілердің құндылығын зерттеп, жылына кемінде бір рет жалпы мониторингті жүргізетін маманды енгізу ұсынылады. Жаңа ескерткіштердің құндылығын зерттеу, сондай-ақ оларды тарихи-мәдени мұра объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізудің орындылығын анықтау керек. Қазіргі таңда зерттейтін тағы да бірқатар ғимараттар бар. Комиссия жұмысы жалғасатын болады, - деп уақытша комиссияның төрағасы Рафаиль Хазипов есеп берді.

 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина алдағы уақытта бөлім уақытша комиссиямен бірлесе отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді анықтау және сақтау жұмыстарына қатысады деп сендірді.

Шара соңында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі де уақытша комиссиямен бірлесе отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді анықтау және сақтау жұмыстарына қатысатыны да айтылды.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar