Сонда оларға әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бұл жөнінде ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті.
- Уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған азаматтарға ҚР заңнамасына сәйкес 15 айлық есептік көрсеткішінде жәрдемақы тағайындалады. Осы орайда 1 АЕК көлемі биылдан бастап 2651 теңгені құрайтынын атап өткен орынды. Ал 15 АЕК мөлшері 39765 теңге, - деді Бақытбек Қизатов.
Басқарма басшысының айтуынша, жұмыс уақытына өзгерістер енгізілуде. Алайда соған қарамастан қашықтықтан еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жалақысы толық сақталуы тиіс.
- Әрбір мекеменің басшысы қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндік болса, осы режимге ауысуы керек. Бұл Еңбек кодексіне сәйкес реттеледі, - деді Бақытбек Қизатов.