USD449.3EUR489.69RUB4.89

1 қыркүйекке дейін барлық қалалық білім беру мекемелері бейнебақылаумен жабдықталады

20 наурыз 2020, 16:11
Қалалық білім беру мекемелерінде материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
1 қыркүйекке дейін барлық қалалық білім беру мекемелері бейнебақылаумен жабдықталады

Атап айтқанда, қалалық мектептер мен балабақшаларда бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко қалалық мәслихат сессиясында мәлімдеді.

- Мектептерде бейнебақылау жүйесін орнату 2012 жылдан басталды. Биылғы жылы білім министрлігі мен ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығы енгізілді. Өткен жылы 14 мекеме тиісті жабдықтармен жабдықталды.1 қыркүйекке дейін біз барлық балабақшалар мен мектептерде бейнебақылаумен жабдықтау жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Білім министрінің хаты негізінде, сондай – ақ мамандандырылған күзетуді енгізу міндеті қойылған, - деді Наталия Фесенко.

Сонымен қатар, соңғы жылдары 15 білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек 60 мектеп асханасы қажетті жабдықтармен жабдықталды. Жоспар бойынша алдағы уақытта Бөкенші ауылында орналасқан мектептің асханасын қайта жабдықталып және А. Ибраев атындағы мектепте жаңа асхана ашылады. Сондай-ақ, білім беру мекемелері мүгедектігі бар адамдар мен және де басқа да мүмкіндігі шектеулі топтар үшін көптеген объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні бөлім басшысының баяндамасына сәйкес, барлық білім беру нысандары қол жетімділік төлқұжатына ие. Стационарлық пандустар 30 объектіде орнатылған.

Үш жыл бойы демеушілік қаражат есебінен Абайтану, Рухани жаңғыру және парасаттылық кабинеттері толық жабдықталды. Қазіргі таңда барлық мектептерде робототехника кабинеттері жұмыс істеуде. Сонымен бірге, білім беру мекемелерін спорттық мүкәммалмен және компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar