Бұл жайлы аймақ басшысы өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Семейге арнайы барып, бірнеше мәрте қолданылатын маскаларды шығару жұмысын тағы да тексеріп қайттым. Кәсіпорын басшылығымен және шикізат жеткізушілермен бірге тауар түрлерін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстарды талқыладық. Тек дәке ғана емес, басқа да сертификатталған материалдардан тігуді шештік. Жақын күндері Өскемен мен Семей қалаларының қарт адамдарына маскалардың алғашқы партиясын жолдаймыз. Жұмыс жоспарға сай жүруде. Шикізат көзі жеткілікті», - дейді әкім.
Даниал Ахметов бүгінде Шығыс Қазақстанда бір де бір коронавирус жұқтыру фактісі тіркелмегенін айтты.