USD491.7EUR531.28RUB5.07

Қала әкімі Алғабас ауылының тұрғындарымен кәсіпорын басшыларымен кездесті

19 қазан 2023, 14:59
Кездесуге келген халық нашар экологияға шағымданып, Берқара кен орнындағы шығарындылар нормаларын өлшеуді сұрады. Қала әкімі Абай облысының экология департаментінің мамандары кен орнында барып өлшемдер жүргізгендігін, кен орны экологиялық талаптарға сай жұмыс істеп жатқандығын жеткізді.
Қала әкімі Алғабас ауылының тұрғындарымен кәсіпорын басшыларымен кездесті

Айта кетейік, Алғабас ауылына ағымдағы жылы  қалалық бюджеттен 90 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде нақты жобаларды жүзеге асыруға 52 млн теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Алғабас ауылында спорт алаңын салу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қысқы спортты дамыту мақсатында әкімдік ғимараты алдынан мұз айдынын салу  жұмыстары жүргізілді.

Алғабас ауылының шетіндегі балалар саябағын заман талабына  сай қоршау орнату үшін қаражат бөлініп, жұмыстарды «Еңбек-Семей» мердігер ұйымы  істеді. Сондай-ақ, Ауылдық әкімдік ғимаратын  санитариялық торапты су құбыры кәрізін өткізу жоспарланды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar