USD474.83EUR515.38RUB5.5

Жоғарғы Егінсу ауылында мәдениет үйі салынады

09 қазан 2023, 11:22
«Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауданы, Жоғарғы Егінсу ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды.
Жоғарғы Егінсу ауылында мәдениет үйі салынады

Ауылдық клуб құрылысына 341,4 млн теңге бөлінді. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, мұнда 20 адам жұмыс істейді.

Жобаны аяқтау 2024 жылға жоспарланған. Мәдениет ошағы ауыл тұрғындары үшін мәдени және тағы да басқа шараларды өткізуге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік-мәдени нысан болмақ.



Анықтама үшін: Жоғарғы Егінсу ауылы Үржар өңіріндегі тірек елді мекеннің бірі. Халық саны 1375 адамды құрайды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауданындағы 11 елді мекенде 21 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда 7 жоба аяқталып, 14-інде жалғасуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar