USD491.7EUR531.28RUB5.07

Семейдегі аз қамтылған отбасылар әлеуметтік пакет алуда

19 наурыз 2020, 10:25
Семей қаласындағы аз қамтылған жанұяларға әлеуметтік пакеттер берілуде.
Семейдегі аз қамтылған отбасылар әлеуметтік пакет алуда

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Үкімет аз қамтылған отбасыларды қолдаудың жаңа түрін енгізді. АӘК алатын жанұяларға таратылатын кепілдендірілген әлеуметтік пакетте 1 мен 6 жас аралығындағы балаларға азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары кіреді. Семейде бірінші тоқсанда 4 108 балаға осындай пакет берілген.

«Қаңтарда 1336 отбасы әлеуметтік пакет алды, оның ішінде 1 жастан үш жасқа дейінгі 1011 бала және үш жастан алты жасқа дейінгі 143 бала бар. Гигиена заттары 2 054 балаға берілді. Әлеуметтік пакеттің құрамы баланың жасына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, азық-түліктер бүлдіршіннің жас ерекшеліктеріне орай керекті дәрумендерді ескере отырып жасалады», - дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мұрат Куржикаев.

Бүгінде ақпан-наурыз айларына арналған әлеуметтік пакеттерді таратылуда. Пакеттер әр отбасының үйіне дейін жеткізілуде. Екінші тоқсанға құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталмақ. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда қалада АӘК алушылар саны азайған. Биыл атаулы әлеуметтік көмек 2061 адамға тағайындалды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге төмен. Осыған АӘК алу ережелерінің өзгеруі және жекелеген санаттардағы азаматтардың 1 қаңтардан бастап жалақыларының өсуі себеп болып отыр.

Әлеуметтің әлжуаз топтарына көрсетілетін көмек тек бұл ғана емес. Атап айтқанда, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектепте тегін тамақ, киім және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 5 наурыздан бастап қала әкімінің шешімімен аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан балалар мен жетімдер қоғамдық көліктерде тегін жүруде.


 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar