
14 жастағы мотоциклші жол ережесін сақтамай, қарсы жолаққа шығып, салдарынан Ѕкаnіа жүк көлігімен соқтығысқан. Бірнеше дене жарақатын алған жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді. Мұның басты себебі-жасөспірімнің жол қозғалысының қарапайым ережелерін білмеуі, тәртіпсіздік, немқұрайлылық, сондай-ақ ата-аналар тарапынан қадағалауының жеткіліксіздігі. Абай облысының полицейлері екі дөңгелекті көлік иелері арасында жол қозғалысы мен жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.