USD524.65EUR552.19RUB5.14

ШҚО-дағы сауда орындарында санитарлық жағдай қатаң сақталады

19 наурыз 2020, 09:04
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан Шығыс Қазақстандағы барлық сауда нысаны дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс істейтін болады.
ШҚО-дағы сауда орындарында санитарлық жағдай қатаң сақталады

Мұндағы басты мақсат - тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл туралы ШҚО  ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шорманов мәлім етті.

- Жергілікті билік өкілдері 5 746 нысанды аралап, жалпы аумағы 1,1 миллион шаршы метрді құрайтын аумаққа тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек жауапты сала мамандары сауда орындарының басшыларымен келіссөздер жасады. Соған сәйкес сауда үйлері мен қоймаларда күніне кем дегенде үш рет дезинфекция жүргізіледі, - деді Ержан Шорманов.

Брифинг барысында басқарма басшысы ірі сауда орталықтары мен базарлар санитарлық қауіпсіздікті сақтай отырып, сағат 10.00 мен 18.00 аралығына дейін ғана жұмыс істейтінін атап өтті. Ал азық-түлік дүкендері мен супермаркеттердың жұмыс уақытына өзгерістер енгізілмейді.

- Нан және кондитер өнімдері ораулы қалпында саудаға шығарылуы тиіс. Сонымен қатар киім-кешек сататын базарлар санитарлық жағдайды қатаң сақтап, сағат 11.00-17.00 аралығында ғана жұмыс істейтін болады, - деді Ержан Шорманов.

Басқарма басшысының айтуынша, ойын-сауықтық сауда орталықтарынан тыс жерде орналасқан тамақтану орындары сағат 22.00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

- Кафе, ресторан мен асханалардың иелері тұтынушыларға онлайн қызмет көрсетіп, тағамдарды үйге дейін жеткізіп береді, - деді Ержан Шорманов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar