
Қазіргі таңда «АйТиЭл group» ЖШС мердігер ұйымы су мұнарасын жылытқыштармен бекітіп, орнатуға дайындап жатыр.
Сондай-ақ, Жарма ауылының тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ететін су құбырын тарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау жоспарланған.
Еске салсақ, биыл Сұлусары ауылында су желілерінің құрылысы жалғасып, Үшбиік, Қалбатау ауылдарындағы су құбыры желілері жаңартылады.
Анықтама үшін: Жарма ауданында 38 мың адам тұрады, халықтың 98% таза ауызсумен қамтылған.