
Сонымен қатар, аталған ауылдың кіреберісінде жасалып жатқан жолдың сапасын тексеріп, жауапты мердігерлерге бірқатар тапсырмалар берілді. Ауыл ақсақалдарымен кездесіп, ауылдық клуб құрылысының жүргізіліп жатқан жұмыс барысын назарға алды.
Сондай-ақ, ауданның жылыту маусымына дайындық барысын пысықтау кезінде, бірнеше білім ордаларының дайын еместігі анықталд. Осы бойынша білім беру бөлімі басшысының м.а., мектеп директорларына, тиісті сала басшыларына және аудан әкімінің орынбасарларына хаттамалық тапсырмалар берілді. Жылу беру маусымына дайындық барысы қатаң аудан әкімінің назарына алынды.