USD443.5EUR479.47RUB5.79

Семейде полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың жолын кесу үшін арнайы топ құрды

18 наурыз 2020, 10:16
Семей қаласының полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың жолын кесу үшін арнайы топ құрды. Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жуықта 4 алаяқтық фактісі тіркелген.
Семейде полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың жолын кесу үшін арнайы топ құрды

«Оңай олжаға кенелмек болған белгісіз біреу сайттардың біріне бала арбасының сатылатындығы жайлы жалған жарнама берген. Осылайша 22 жастағы қала тұрғынының 120 000 теңгесін иемденіп кетеді. Сондай-ақ тағы бір алаяқ осы сайтқа қосалқы бөлшектерді сататындығы туралы жарнама орналастырған. Бұған сенген ер адам оған 80 000 теңге жібере салады», - делінген ведомство мәліметінде.

Тағы екі оқиға әлеуметтік желілерде орын алған. Әсел есімді қыз ұялы телефон мен планшетті арзан бағаға сататындығын жазыпты. Айласын асырған ол 550 мың теңге пайда көрген.

«Екінші фактіде алаяқ ақша инвестициясы жайлы хабарландыру жариялаған. «Тұзаққа» түскен жәбірленуші оған төлем терминалы арқылы 130 мың теңге жіберді. Қазіргі уақытта қылмыстарды ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізетін арнайы топ құрылған», - деп хабарлады Полиция басқармасынан.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar