
Атап айтсақ, қабырғалары қайта қалыпқа келтіріліп, едендері, есіктері ауыстырылған. Күрделі жөндеуден соң емхананың тіркеу орны, күндізгі стационар, процедуралық кабинеттер және де басқа медициналық қызмет көрсету орындары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, заманауи үлгіде қайта жаңартылды.Медициналық көмек көрсету үшін тәулік бойы 27 төсек-орын және 15 күндізгі стационарлық бөлме жұмыс істейтінін болады.
Бүгінде емханада 11 350 адам тіркелген. Жыл сайын 18-70 жас аралығындағы тұрғындар тексеруден өтеді. Тұрғындар емханада кәсіби медицина мамандарына жүгініп қана қоймай, диагностикалық зерттеулер, ультрадыбыстық, ЭКГ, рентген және т.б. қызметтерді ала алады.