USD502.47EUR525.83RUB5.68

Көкпекті ауданында астық жинау науқаны басталды

23 тамыз 2023, 14:43
Ауданда алдын ала орташа өнімділік гектарына 12 ц.-ді құрады. Бүгінде ауданның егіс алқаптарынан арпа және сұлының 35%-ы жиналды.
Көкпекті ауданында астық жинау науқаны басталды

Биыл егістіктің құнарлылығын арттыру үшін 657,3 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды. 2023 жылы барлық дақылдардың тұқым қажеттілігі 6068 тоннаны құрады, оның ішінде: дәнді дақылдар – 3815 тонна, майлы дақылдар – 2253 тонна.

Осы жылы Көкпекті ауданы көлемінде шаруашылықтарға күзгі дала жұмыстарына 2700 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. 

Еске салсақ, ауданның әкімшілік шекарасы 909936,0 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 561027,1 га, елді мекен аймақтары – 129984,0 га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер – 1705,6 га.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar