
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей, мемлекеттен жәрдемақы табысына қарамастан, кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы бар, сондай-ақ күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасыларға беріледі. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі: – 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге; – 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге; – 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге; – 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге; – 8 және одан көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% артты.