
Ауданда көшелерді жарықтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні Үлкенбөкен ауылында 110 көшеге жарықтандыру бағаналары орнатылды, 4 көшеге электр сымдары тартылды. Преображенка ауылындағы 47 көшеге жарықтандыру бағаналары орнатылды. Бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, Преображенка ауылындағы Тәуелсіздік, Предгорная, Гагарина, Заречная көшелерінің бойына жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Көкпекті ауылында 19 көше бойына 269 баған орнату жұмыстары сәтті аяқталды.
Барлық жобалар ауылдың инфрақұрылымын көтеріп, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.