Бұл іс-шараға «ВостокВзрывПром» ЖШС-ның қызметкері жұмылдырылды,олар жару жұмыстарын жүргізді.Сондай-ақ, бақылаушылар мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері,Семей қаласы полиция басқармасы,жергілікті атқарушы органдар және «Қазселденқорғау» ММ өкілдері жұмылдырылды.
Жару жұмыстары туралы халыққа ақпаратты алдын-ала жаппай ақпараттандыру құралдары арқылы берілді.Бұдан бөлек,осы жұмыстарға дайындық кезінде Мирный кентіндегі тұрғындарды Семей қаласы ПБ қызметкерлерімен автомашиналарда дауысзорайтқыш құрылғылармен құлақтандырды. Берілген Ертіс өзенінде судың мұздан еркін өтуі үшін жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 13 915 шаршы метр аймақ босады.
ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖБ