USD481.68EUR522.48RUB5

ОҚУ ОРНЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

16 тамыз 2023, 15:56
Әлеуметтік серіктестік негізінде оқу орнын жабдықтау шаралары жүргізілді. Бұл бастама инфрақұрылымды жақсартып, техникалық жүйелерді жаңартуға басымдық береді.
ОҚУ ОРНЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Жобаның маңызды бөлігі білім ордасының негізгі ғимараты мен жатақханадағы жылу желілерін, су құбырларын ауыстыруды көздейді. Жылу магистралінің құрылысына облыстық бюджеттен 13 миллион теңге қаржы бөлінді. Жөндеуді «Памир-ОМ» ЖШС мердігер ұйымы жүргізіп, бүгінде құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Оқу ғимараты мен шеберхананы жылумен және сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 23 миллион теңге бөлініп, мердігер «KUMIS GROP» компаниясы бұл жұмыстарды 25 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Колледж директоры Берік Омаровтың айтуынша, жатақхананы жаңарту, оның ішінде сырлау, терезелерді ауыстыру, жуынатын бөлмелерді жөндеу жұмыстары да жасалып жатыр. Соның нәтижесінде студенттерге қолайлы жағдай жасалынатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar