
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері қатысушыларды К.Мыржықбаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстырып, әншінің қатысуымен болған 6 опералық спектакль мен 3 жеке концерті Қазақстандық радио және телевизияның алтын қорына енгізілгенін атап өтті.
Көрсетілім барысында К.Мыржықбаевтың орындауындағы Абайдың «Қараңғы түнде тау қалқып», «Көзімнің қарасы» әндері тыңдалды.
Шара соңында қатысушылар әншінің шығармашылығына арналған слайд-тұсаукесерін тамашалады.